Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

800 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған


27/12/2022
12:07 29606 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымы хабарлады. 

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселзащита» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкрекбаев «BAZIS CONSTRUCTION-INFR» ЖШС филиалының басшысы Андрей Папловскийден 800 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

 

65 жастағы Кәрім Көкрекбаев бұған дейін Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі және т.б қызметтерде болған. 

 

Қазіргі қызметіне 2019 жылдың тамыз айында тағайындалған. 

 

Кәрім Көкрекбаевтың ұсталуына байланысты құзырлы органдар әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

27/12/2022 12:07
29606 0

Уведомление