Жамбыл облысындағы әскери бөлімде офицер өзіне қол салған

Өлер алдында хат қалдырып кеткен дейді қорғаныс министрлігі


23/11/2021
13:33 38498 0

Фото: orda.kz

 

Жамбыл облысы Отар аулындағы Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсаған дейді қорғаныс министрлігі. 

 

— Биылғы 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Оның өлер алдында жазған хаты табылды. Қазір осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне сай өзге ақпарат жарияланбайды, — делінген баспаөз хабарламасында. 


Orda.kz-тің хабарлауынша, «Армия.КЗ. Другая правда» Telegram арнасы офицер жүрегіне оқ атып, мерт болған, ал хатта туыстары мен командирлерінен кешірім өтінгенін хабарлаған. Бірақ кейін хабарламаны өшіріп тастаған.

Поделиться

Нет комментариев.

23/11/2021 13:33
38498 0

Уведомление