Жаңаөзендегі наразылық: Мұнайшылар тексеру аяқталды дейді, «ҚазМұнайГаз» оны жоққа шығарады

Мұнайшылар талап орындалмаса Астанаға тағы да бармақ


01/06/2023
14:43 17457 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзенде тексеріс аяқталды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «БерӘлі Маңғыстау Company» кәсіпорнының «тұрақты жұмыс пен бірдей жалақы» талап етіп тұрған жұмысшылары екі күн бұрын 29 мамырда тексеру аяқталғанын және компания оның шешімін жарияламағанын айтқан. Жұмысшылар мәселе шешілмесе тағы да Астанаға баратындарын хабарлаған. 

 

– Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытынды шығарылып жатыр. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және тағы басқа қызметтерді одан әрі тексере түседі, – делінген «ҚазМұнайГаз» жариялаған ақпаратта. 

 

Мұнайшылардың «Өзенмұнайгаз» компаниясы ғимараты алдындағы наразылығы әлі жалғасып жатыр. 1 маусымда наразыларға «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясының өкілдері жұмыс ұсынған. Бірақ мұнайшылар ол жұмыстың уақытша екенін айтып, бас тартқан. 

 

Бір күн бұрын аталған компания мен «Өзенмұнайгаз» өкілдерінің наразы мұнайшыларға жұмыс ұсынған сәтіненвидео жарияланған. Онда компания өкілдері мұнайшыларға бес бригада құрылғанын, жалақысы «Берәлінікіндей» екенін айтып, жұмысқа тұруды ұсынады. Мұнайшылардың бірі «жұмыс қашанға дейін?» деп сұраған кезде компания өкілдері «жыл соңына дейін» деп жауап береді. Бұдан кейін мұнайшылар «демек, ол да – уақытша жұмыс қой, келесі жылы тағы жұмыссыз қаламыз» деп көңілі толмайды. 

 

Сәуірдің басында 100-ден астам мұнайшы Астанаға барып, тұрақты жұмыс талап етіп, Энергетика министрлігі алдына түнеген. 11 сәуірде оларды арнайы жасақ ұстаған. Осыдан кейін Алматы, Ақтау, Орал, Жаңаөзен және Астана қалаларының белсенділері мұнайшыларды босатуды талап еткен. 12 сәуірде мұнайшылардың жартысынан көбі Жаңаөзенге қайтып, 10 адам келіссөз жүргізу үшін Астанада қалған. 20 сәуірде олар кезіссөз тоқтатылғанан, талаптары орындалмағанын айтқан. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/06/2023 14:43
17457 0

Уведомление