Жаңаөзенде 800-ге жуық жұмысшы ереуілге шықты


30/01/2024
11:37 9039 0

Фото: Ашық дереккөзден 

 

29 қаңтар кешке Жаңаөзен қаласында «Кезби» ЖШС компаниясының 800-ге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты. Бұл жөнінде «Власть» басылымы хабарлады. 

 

«Власть» мәліметінше, наразы жұмысшылар еңбекақыны көтеруді, материалдық-техникалық базаны жаңартуды, тамақ жағдайын жақсатруды және бірнеше адамды қызметінен босатуды талап етуде. 

 

Жұмысшылар 2023 жылы қыркүйекте жалақыны 10%-ға көтеру жөніндегі уәде орындалмағанын алға тартқан. Олардың сөзінше, биыл еңбекақы 6%-ға ғана көтерілген. Ал басқа компанияларда жалақы 9,5%-ға жоғарлаған. Компания басшылығымен жүргізілген келіссөз ешқандай нәтиже бермеген.

 

– Біз жалақыны 50%-ға көтеруді, техникалық базаны жаңартуды және басшылық қызметте жүргендердің бір бөлігін жұмыстан босатуды талап етеміз. Себебі осындай жағдайға жетуімізге солар жауапты. Компанияда жемқорлық жайлаған. Техника ескірген және өте сапасыз. Біз тамақ жағдайын жақсартуды да талап етеміз. Тамақ көп жағдайда суық, сапасыз дайындалған, бір жылдан бері меню ауыспаған. Тамақтану мұнайшылар үшін өте маңызды. Себебі біз өте ауыр жұмыстамыз, – деген «Власть» басылымына атын көрсетпеуді сұраған жұмысшы. 

Поделиться

Нет комментариев.

30/01/2024 11:37
9039 0

Уведомление