Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет Ресей журналистеріне сұхбат берді
Украина президенті Ресейлік БАҚ-қа сұхбат берді
Фото: УНИАН
Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет Ресей журналистеріне сұхбат берді.
Зеленскимен ресейлік «Дождь» телеарнасы, «Медуза», «Новая газета», «Коммерсант» басылымдарының журналистері сұхбаттасты. Украина президентінің сұхбатын «Медуза» жариялаған. Бірақ қазір сайт ашылмай тұр.
Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа Зеленскийдің сұхбатын жариялауға тыйым салды. РФ прокуратурасы сұхбатты жариялаған журналистердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Сұхбатта журналистер Зеленскийге Ресей әскері пайдаланып жүрген V және Z таңбаларының Владимир Зеленскийдің көзін жоюдың белгісі ме деген сұрақ қойған. Зеленский өзінің көзін жоюмен Украинаның ресейшіл саясаткері Виктор Медведчуктің тобы айналысқанын айтқан.
Бұдан бөлек, сұхбат барысында Зеленский қоршаудағы Мариуполь, бейбіт халықтың эвакуациясы, гуманитарлық апат, тұтқындар жөнінде сөз қозғаған. Украина президентінің сөзінше, Ресей тарапынан соғысқа қатысып жатқан сарбаздар арасында жастар өте көп және Мәскеу көз жұмған солдаттары туралы деректерді жасырып отыр.
Нет комментариев.