Өзбекстан билігі азапталғандарға өтемақы төлемек

Елде кейінгі жылдары азаптау фактілері көбейген


28/06/2021
11:29 41983 0

Фото: informburo.kz

 

Өзбекстан президенті Шавқат Мирзиёев адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, қаржы министрлігі, ІІМ мен Бас прокуратураға азапқа ұшырағандарға өтемақы төлеу тәртібін жасауды тапсырды. Мұны «Медиазона» хабарлайды

 

Органдар үш айда осы жөнінде құжат жасап шығарып, үкіметке ұсынуға тиіс. 

 

Одан бөлек, елде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап ішкі істер қызметкерлері азаптаумен күрес бойынша курстан өтеді, азаптау фактілерін анықтау, алдын алумен айналысатын мониториң топтары құрылады. 

 

Былтыр елдің Бас прокуратурасы кейінгі үш жылда азаптау туралы 757 арыздың 33-і (2017 жылы — 7, 2018 — 10, 2019 — 16) бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген еді.

 

Біз бұрын полиция азаптаған азаматтан сұхбат алып, мұндайда не істеу, қайда жүгіну керегін айтқанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

28/06/2021 11:29
41983 0

Уведомление