Өзбекстан қазан айынан бастап Ресейден газ алады

Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді


20/06/2023
12:17 16909 0

Фото: Ашық дереккөзден

1 қазаннан бастап Өзбекстан Ресейден газ ала бастайды. Жылдық импорты шамамен 2,8 миллиард текше метр болады. Бұл жөнінде Өзбекстан энергетика министрлігі хабарлады. Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді. 

Екі жылға арналған келісімге екі ел былтыр қазан айында қол қойған. Өзбекстан энергетика министрлігі газ бағасы аймақтағы нарық бағасымен есептелетінін айтқан.

Былтыр қарашаның соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Өзбекстан, Ресей арасында газ одағын құру туралы ұсыныс айтқаны жөнінде сөз еткен. Өзбекстан энергетика министрі Мырзамахмұдов Қазақстан арқылы Ресей газын тарту туралы келіссөз жүріп жатқанын, бірақ техникалық келісім екенін, одақ еместігін айтқан.

Өзбекстан жылына 52 млрд текше метр табиғи газ өндіреді, 2,7 миллиардын экспорттап, 4 миллиардын импорттайды.

Азаттықтың Өзбек редакциясы биыл ақпанда «Газпроммен» байланысы бар адамдар қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің кезінде Өзбекстанның жүздеген газ және мұнай кеніштеріне бақылау орнатқанын анықтаған.

Поделиться

Нет комментариев.

20/06/2023 12:17
16909 0

Уведомление