Заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы заң мәжіліске түсті

Бас прокуратура ішінен арнайы ведомство құрылмақ


24/05/2023
13:39 17730 0

Фото: parlam.kz

 

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы мәжіліске түсті. Заң бойынша бас прокуратура ішінен арнайы ведомство құрылады.

 

Заң жобасы авторларының айтуынша, құжат «активтерді анықтау және қайтару үшін қажет заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтарудың тетіктерін айқындауға» бағытталған.

 

Заң жобасы Бас прокуратура ішінен заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке ведомство құруды қарастырады. Ол осы саладағы уәкілетті орган міндетін атқарады. Бұған қоса, активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор мен басқару компаниясы құрылады. Аталған қорға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берген қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қордың он шақты адамнан тұратын шағын болатынын айтты.

 

Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жалпы саны 11 кодекс пен 13 заңға түзету енгізілмек.

Поделиться

Нет комментариев.

24/05/2023 13:39
17730 0

Уведомление