«Қыз алып қашу» қазақтың «дәстүрі» болып санала ма?

Бұл туралы аңыздарда, зерттеулер мен заңдарда не айтылған?


12/09/2023
18:32 6564 0

 

Қазақ қыздары бұрындары үнемі алып қашу құрбаны болған. Бұндай қылмыс күндіз, куәгерлердің көзінше (қатысуымен) болуы мүмкін. Сонымен қатар, кей қазақстандықтар мұны қазақтың дәстүрі деп есептейді. Сауалнамаға сәйкес, кейбіреулер «алып қашуды» қылмыс деп те санамайды.

«Қыз алып қашу» шын мәнінде нені білдіретінін және бұл қылмысты ақтайтын адамдар неге бұрын-соңды болмаған дәстүрге жүгінетінін анықтап көрейік.

«Қыз алып қашу» шын мәнінде нені білдіреді?

Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, алып қашудың шын мәні - ғашықтардың некеге тұруына әлдекім кедергі болған кезде қызды үйінен өз келісімімен алып кетуі саналады. Жазушы Қанат Тәсібеков атап өткендей, «қыз алып қашу» екі жақтың келісімімен, бірге қашу дегенді білдіреді. Мұндай жағдайға тап болған ата-ана да қызын «ұрлап алып кетті» деп емес, «қашып кетті» деп айтқан.

Алып қашуға бірнеше себеп болуы мүмкін:

  • Ата-анасы ерлі-зайыптылардың некеге тұруына қарсы болған кезде;

  • Қызға әлдеқашан өзі ұнатпайтын басқа жігіт құда түскенде;

  • Қыз бен жігіттің әлеуметтік деңгейі әртүрлі болып, күйеу жағы қалыңдықтың қалың малын төлей алмаған кезде;

  • Қызға жігіт бұған дейін құда түссе де, қалыңдықтың әкесі шарттарын бұзған кезде.

 

Осындай жағдайлардың барлығында сезімдеріне берік қыз бен жігіт қашуға шешім қабылдаған. Алып қашу әлеуметтік шектеулерді айналып өтудің, келісіп қойған некелерінен қашудың және қалыңмалды азырақ берудің жолы болды.

Алып қашу аңыздарда қалай бейнеленді?

Жұмбақтас

Бурабайда баянсыз махаббат хикаясы белгісіне айналған Жұмбақтас деген жартас бар. Аңыз бойынша, ертеде сол жерде бір бай өмір сүрген, оның сұлу қызы болған. Әкесі қызын басқа байға, биге, тіпті ханға ұзатсам деп армандаған, бірақ қыз жас әншіге ғашық болып қалады. Әке-шешесі отау құруға келіспейтінін түсінген ғашықтар бірге қашып, Бурабай тауының етегіне, көл жағасына қоныстанады.

Біраз уақыттан кейін қыздың ағалары екеуін де тауып алып, жігітті атып өлтіреді. Шарасыз күйге түскен бойжеткен дұға етіп, Тәңірі Құдайдан өзін тасқа айналдыруын сұрайды. Сөйтіп, ол Жұмбақтасқа айналған деседі.

Айша Бибі

Аңыздың көп нұсқаларының бірінде қыз Айша бибі әкесінің қас жауы Қараханға ғашық болып қалған деседі. Әкесі “батасын береді” деп үміттенбеген қыз сүйіктісімен ауылдан қашуға бел буды.

Қыз Асу өзені жағасына келіп, жүзуге барғанда, қуғыншылар оның сәукелесіне жылан салып кеткен. Киініп жатқанда Айша бибіні жылан шағып алады. Қарахан оны құшағына алып, молдаға апара жатқанда, сүйіктісі көп ұзамай көз алдында қайтыс болған.

Еңлік - Кебек

Қазақтың тұңғыш пьесасын Мұхтар Әуезов қойған. Бұл аңызда Матай руынан шыққан Еңлікке кішкентай кезінен құда түсіп қояды. Құда түскен жігіті белгісіз жағдайда қайтыс болады да әмеңгерлік дәстүрі бойынша қыз оның ағасы Есенге тұрмысқа шығуға мәжбүр болды.

Бір қыстың кешінде Еңлік ауылына жау болған Тобықты руынан шыққан жігіт Кебекті кездестіреді. Солай Еңлік пен Кебек бір-біріне ессіз ғашық болып қалады. Қыз Есенге тұрмысқа шықпай, Кебектің артынан еріп, қашады.

Екі рудың билері екі сүйіктіні әдет-ғұрыпты бұзғаны үшін өлім жазасына кеседіі. Біраз уақыт ерлі-зайыптылар тауда жасырынып жүрді, сол уақыт аралығында ұлдары дүниеге келеді. Алайда, ақыры үшеуі де ұсталып, өлтіріледі.

Бұл расымен «дәстүр» болды ма?

Аңыздардың барлығын ғашықтардың баянсыз махаббат хикаясы біріктіретінін байқауға болады. Ресей ғылым академиясы тарихшыларының зерттеуі бойынша, алып қашу ешқашан дәстүр болған емес, керісінше, бұл қазақтар арасында құда түсу әдет-ғұрпын бұзудың жолы болған. Жалпы қабылданған нормадан ауытқу қиын зардаптарға әкелген.

Әдет-ғұрып бойынша, некеге тұру үшін ата-ананың келісімі міндетті түрде болуы керек, ал оның жоқтығы өте қатаң жазаланған. Көп жағдайда қалыңдықты алып қашу руаралық кикілжіңнің басы болып, оны тек айыппұл мен қалың мал төлеп қана шешуге болады.

Қазір қазақстандықтар алып қашу туралы не ойлайды?

«Қазақстанның тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеу көрсеткендей, көптеген Қазақстан азаматтары адамды еркінен тыс ұрлау ісіне немқұрайлы қарайды.

Әрбір бесінші респондент (20,8%) туысының ұрлануына шыдаймын деп жауап берген. Ал кейбіреулері (5%) тіпті, бұны қалыпты жағдай деп санайды және моральдық-материалдық шығынды өтеп, мәселені шешуге болатынына сенеді.

Респонденттердің жартысынан сәл азы (43,1%) полициядан көмек сұрауды жөн көрсе, ерлердің төрттен бір бөлігі (26,4%) беделді туыстарының көмегіне жүгінуді дұрыс санайды. Бұл ретте барлық респонденттердің 8,5%-ы ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі «алып қашу» туралы баптарын білемін деп жауап берген. Ауыл тұрғындарының жартысынан көбі (58,1%) Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» 125-бабының бар екенін білмеген.

60 жастан асқан респонденттердің 6,7%-ы қыз алып қашуды қылмыс деп санамаймын деп жауап берген.

Іс жүзінде заң қалай жұмыс істейді?

ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам ұрлау» 125-бабында әртүрлі мән-жайлар бойынша 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заңгер Айгүл Бакированың айтуынша, онда «алып қашу» пункты жоқ. Ол осы мәселе бойынша статистика жүргізуді қиындатады.

Соған қарамастан, Бакирова «алып қашу» жағдайларының жиі кездесетінін айтады. Әйелдер мен балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге байланысты аса ауыр қылмыстарға маманданған Омарова өз тәжірибесінде мұндай жағдайларды жиі кездестіретінін мәлімдеді. Өкініштісі, алып қашуға байланысты қылмыстардың нақты саны белгісіз.

Статистикалық мәліметтердің жоқтығымен қатар, туыстарының қыздарға жасаған моральдық қысымы да мәселені ушықтырады. Патриархалды қоғамда, әсіресе, ауылдық жерлерде күйеуге шыққан қыз ата-анасының үйіне қайтып келуі «ұят» болып саналады. Жыныстық, тіпті, зорлық-зомбылық мәселесіндегі жағдайларды да әйел адамның мойнына іліп қояды. Соның салдарынан әйелдердің көпшілігі өзіне жәбір көрсетушілерге шыдап жүре бергенді ​​жөн көреді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/09/2023 18:32
6564 0

Уведомление