Қытайда наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жеңілдетті


01/12/2022
13:09 24336 0

Қытайдың Гуанчжоу қаласында билік жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулерін жеңілдетті. Бірнеше ауданда бұрын күшіне енгізілген локдаундар алынып, жаппай коронавирус тестілері тоқтатылды. Мұның алдында қалада коронавирус шектеулеріне қарсы жаппай наразылық өтіп, жұрт полициямен қақтығысып қалған.

 

Қазір Қытайдың көптеген қалаларында, университеттердің кампустарында наразылық жалғасып жатыр.

 

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономия өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжіде 24 қарашада тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, он адам қаза болған. Локдаунның салдарынан олар дер кезінде пәтерлерінен шығып үлгермеген. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/12/2022 13:09
24336 0

Уведомление