Қытайда өмір бойы түрмеде отыру жазасы берілген үш азаматтың туыстары биліктен көмек сұрады

Үш қазақ азаматы «Қазақстанмен байланысы» және «ұлтшылдығы» үшін сотталған


02/10/2020
16:51 47317 0

Фото: azattyq.org

Алматыда бір топ азамат Қазақстан билігінен Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған туыстарына көмектесуді сұрады. Бұл ақпаратты Азаттық таратты

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроға жиналғандардың айтуынша, Қытай соты ұлты қазақ үш азаматқа өмір бойы түрмеде отыру жазасын берген. Оларға «әсіреұлтшыл», «отан тұтастығына қауіп төндірген», «Қазақстандағы ұлтшыл ұйымдармен байланыс орнатқан», «Қазақстанмен жиі байланысқа шыққан», «Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қонағасы берген» деген бірнеше айып тағылған.

Баспасөз мәслихатын өткізген азаматтар сотталған үш адам 1940–1950 жылдары Қытай билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған Оспан батыр Исламұлының ұрпақтары деп отыр. Олардың бірі — Толқын Соғысайұлы. Қытайда орта мектепте 30 жыл орта химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген оған «қазақ мектептеріндегі қытай тіліне және Қытайдың жоспарлы туу саясатына қарсы шықты» деген айып тағылыпты.

— Жездеме тағылған бұл екі айып та дәлелсіз. Өйткені оның екі қыз баласы ғана бар. Одан кейін ол екінші қызын алтыншы кластан бастап тек қытай тілінде оқытатын мектепке берді. Сонда ол қалай Қытай саясатына қарсы келіп отыр? — дейді Соғысайұлының балдызы Ахат Әшу.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл азаматтардың өтінішіне «Қытайдың ішкі ісіне араласа алмаймыз» деп жауап берген. Ауыр жазаға кесілген тағы екі адам — Нағыз Мұхамедұлы мен Нұрлан Нәбиұлы. Сотталған үшеу 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың желтоқсаны аралығында ұсталып, Шыңжаңдағы Көктоғай аудандық түрмесінде отырған. Алғашқы сот биыл шілдеде онлайн өтті. Сот үкімі 24 қыркүйекте шыққан. Туыстарының сөзіне қарағанда онлайн сот кезінде сотталушы үш азамат та өздеріне тағылған айыпты мойындамай, түрмеде азапталғанын айтқан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/10/2020 16:51
47317 0

Уведомление