Қырғызстан тараптардың татуласуына байланысты зорлау істерін жабуға тыйым салды


24/01/2024
13:17 9467 0

 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды. Енді қылмыстық істер тараптар татуласса да тоқтамайды. 

 

– Тараптардың татуласуына байланысты ауыр қылмыстар (оның ішінде зорлау) бойынша қылмыстық істер тоқтатылмайды. Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды көздейтін нормалар алынып тасталады, – делінген Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта. 

 

Сондай-ақ, Қырғызстанда жыныстық қол сұғылмаушылық туралы заңнан пробациялық бақылаумен немесе кепілмен шығу, қылмыстың ескіру мерзімі сияқты бөліктер алынып тасталды. 

 

Заң жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/01/2024 13:17
9467 0

Уведомление