Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу келісіміне қол қойды

Екі ел шекарасындағы жағдай 14 қыркүйекте күрт ушыққан. Екі тарап жанжал бастады деп бірін-бірі айыптаған


20/09/2022
11:46 27676 0

Фото: Kloop

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу келісіміне қол қойды. Бұл жөнінде қырғыз вице-премьері, ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев хабарлады. 

Тәшиевтің сөзінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы шабуылды тергеп-тексеру үшін құрылған бірлескен комиссия 20 қыркүйектен бастап жұмысын жалғастырады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде қаза болғандарды еске алу мақсатында Қырғызстан 19 қыркүйекті аза күні деп жариялаған. Кейінгі ресми ақпараттарға қарағанда, 14-17 қыркүйекте Қырғызстанның кемі 59 адамы қаза болған, оның 40 адамы – жауынгерлер. 164 адам жараланған. Шекарадағы қырғыз ауылдарынан 140 мыңнан астам адам қауіпсіз мекенге көшірілген. Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 41 тәжік азаматы өліп, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.

Екі ел шекарасындағы жағдай 14 қыркүйекте күрт ушыққан. Екі тарап жанжал бастады деп бірін-бірі айыптаған. 16 қыркүйекте атысты тоқтату туралы бітімге келген еді, алайда атыс 17 қыркүйекте де тоқтамаған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/09/2022 11:46
27676 0

Уведомление