Қылмыстық топ пен теріс діни ағым өкілдеріне қару-жарақ сатқан полиция қызметкерлері сотталды

Тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната мен 7 387 оқ-дәрі алынған


16/01/2023
10:35 22161 0

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

 

Қылмыстық топ өкілдеріне қару-жарақ сатқан полиция қызметкерлері ұсталып, сотталды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

 

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының бұрынғы және қазіргі қызметкерлері пайдаланудан алынып тасталған, жойылуы тиіс қару-жарақ пен оқ-дәріні ұйымдасқан қылмыстық топ пен теріс діни ағым өкілдеріне заңсыз сатқан. 

 

– Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында    қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті. Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. 

 

Арнайы операция барысында ҰҚК мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қару-жарақты кімдердің сатып алғанын толықтай анықтаған. 

 

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен күдікті азаматтар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзіміне сотталған. Бірқатар лауазымды тұлғаларға сөгіс жарияланып, қызметінен босатылған. 

 

ҰҚК таратқан мәлімдемеде іске байланысты қанша адамның сотталғаны, олардың кім екені айтылмаған. 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/01/2023 10:35
22161 0

Уведомление