«Әйел зорлады» деп айыпталған полиция бастығы екі айға қамауға алынды
Фото: Ашық дереккөзден
«Әйел зорлады» деп айыпталған Талдықорған қалалық полициясының бастығы Марат Күштібаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды.
– Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, 14 қарашада сот қаулысымен К. есімді күдікті екі айға қамалды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев облыстық орталықтың 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілініп, ұсталған.
Күштібаевтың өкілдері және туыстары ақпарат құралдарына шыққан жоқ.
Нет комментариев.