Құқық қорғаушылар мен бақылаушылар сайлау қарсаңында меморгандардан қысым көріп жатқанын хабарлады

Олардың мәлімдеуінше, қысым ұйымдардың сайлау кезіндегі жұмысын тоқтату үшін жасалып жатыр


30/11/2020
18:11 47605 0

30 қарашада Алматыда коммерциялық емес ұйымдардың шұғыл брифиңі өтті. Онда құқық қорғаушылар мен тәуелсіз бақылаушылар сайлау қарсаңында салық органдарынан қысым көріп жатқанын хабарлады. 

 

Олардың айтуынша, жеті ұйым жапа шегіп отыр: Қазақстанның адам құқықтары бойынша Қазақстанның адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы, «Еркіндік Қанаты» ҚҚ, «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ, «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ, «Қадір-Қасиет» ҚҚ,  «Эхо» қоғамдық бірлестігі мен MediaNet халықаралық журналистика орталығы. 

 

Ұйымдар өз мәлімдемесінде қысым тапсырыс бойынша жасалып жатқанын айтты: 

 

Қысымға ұшыраған ұйымдар алған ескерту хаттарына қарап, салық органдарының аталмыш формалардан техникалық қателік сияқты кез келген дүниені тауып, қысқа уақыт аралығында протокол толтырып, айыппұл салып, ұйым жұмысын тоқтатуға мүмкіндік алу керекті жөнінде тапсырма алған деген қорытынды жасауға болады.

Соңғы бірнеше аптада азаматтық қоғамның бірқатар тәуелсіз коммерциялық емес мекемелері мен құқық қорғау ұйымдары салық органдарының «шабуылына» ұшырады. Біздің ойымызша, олардың артында ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) органдары тұр. Барлығы көшіріп алғандай, бір-бірінен айна қатесіз аумайды. Әртүрлі аймақтарда салық органдары салық есептілігінің 017.00 және 018.00 формаларын толтырудағы қателіктерді сылтауратып, ескерту хаттарын жолдаған. Бұл формалардың барлығы шетелдік көздерден қаржы алу мерзімі мен оның жұмсалуына қатысты. Мәселе салықтан жалтару, қаржыны заңсыз және мақсатсыз жұмсау жөнінде емес, форманы толтыруға қатысты.

Салық органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне, сенімсіздігіне, алаңдауларына қарап, бұл олардың өз бастамалары емес, олардың басты міндеті салық жинау. Қысымға ұшыраған ұйымдарға салық немесе бюджетке төленетін өзге де төлемдер жөнінде мін жоқ. Олардың барлығы — бюджетке тиісті салығын төлеп отырған адал салық төлеушілер. Бұл шабуылдардың саяси мақсаты бар. Ұйымдарды сотқа сүйеу, ең ауыр жағдайда олардың жұмысын белгілі бір уақытқа дейін тоқтату.

Бізің бәрін «еститін», бәрін «көретін» үкіметіміздің өзіне жүктелген халықаралық міндеттерді бұзып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен ФАТФ стандарттарына қайшы, тәуелсіз құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық қоғам бірлестіктеріне не себепті дәл қазір кедергі келтіріп отырғанын бағамдау қиын. Бірақ бұл іс-әрекет мемлекет имижіне, оның инвестициялық ақуалына және өзге де рейтингтеріне кері әсерін тигізеді.

Бізге келетін болсақ, әрине, біз өз ұйымдарымызды, Қазақстан Республикасының соттарында және халықаралық деңгейдегі түрлі халықаралық коалицияларда, жұмыс топтары мен сараптамалық құрылымдарға қатысу шеңберінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде қорғау үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз, және оқиғалар теріс дамыған жағдайда біз мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынасымызды қайта қарауға мәжбүр боламыз.


Мәлімдеменің толық нұсқасын мына жерден оқыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

30/11/2020 18:11
47605 0

Уведомление