Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке Өзбекстанға кіруге рұқсат берілмеді

Ол Нөкіс оқиғасын зерттеумен айналысқан


23/05/2023
15:02 17727 0

Фото: Deutsche Welle

 

Қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуовке Өзбекстан аумағына кіруге рұқсат берілмеді. Бұл жөнінде ҚазТАГ басылымы хабарлады. Ол Қарақалпақстандағы наразылық мәселесімен айналысып жүрген. 

 

Құқық қорғаушы Виталий Пономарев айтуынша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Бішкек – Ташкент бағытындағы рейске Ғалым Ағелеуовті тіркеуден бас тартқан. Олар бұны құқық қорғаушыға Өзбекстан аумағына кіруге тыйым салынуымен түсіндірген. 

 

Ағелеуов Нөкістегі наразылық қатысушыларының Ташкенттегі жоғары сотқа апелляциялық шағымдану процесіне бақылаушы болуы тиіс болған. 

 

Ғалым Ағелеуов Freedom for Eurasia жобасы аясында 2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Өзбекстанға екі рет барған. Құқық қорғаушы Қарақалпақсатандағы наразылықты зерттейтін ресми комиссиямен байланыста болған. 

 

Ақпанда Адам құқықтарын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Ағелеуов Нөкіс оқиғасында қайтыс болғандар саны ресми деректе көрсетілгеннен әлде қайда көп екенін айтқан. Ол Өзбекстан билігінен адам құқығының бұзылуына байланысты қосымша дерек беруге шақырған. 

 

Қарақалпақстанда 2022 жылы 1-2 шілде күндерінде Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қарсы наразылық болған. Енгізілетін өзгерістерде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан бөлініп шығу құқығынан айыратын баптар болады. Ресми дерек бойынша, Нөкіс оқиғасында 21 адам қаза тапқан. Құқық қорғаушылар 5 адам қайтыс болды деп мәлімдеген. 

 

Наразылықтан кейін Өзбекстан билігі Конституцияда өзгереді делінген даулы баптарды алып тастаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

23/05/2023 15:02
17727 0

Уведомление