XX ғасырдағы әйел теңдігі туралы 5 қазақша шығарма. Екінші бөлім

Қазақ әйелінің хал-жағдайын суреттейтін роман, әңгімелер


07/06/2021
13:49 10580 0

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты тақырыптарының бірі — әйел құқығы. Осы тақырыпта қалам ұстаған қазақ жазушыларының бес шығармасын оқуға кеңес береміз. Бірінші бөлімі мына жерде.

Сәбит Мұқанов, «Ботагөз»

 

 

Басында «Жұмбақ жалау» деп аталған романда Ботагөздің «өзінен күшті» топтың айтқанына көнбей, құқығын қорғауға тырысқан жанқиярлығы суреттеледі. 

Әсіресе «төмен етекті әйелсің» деген сөзге қарамай, сол кездегі саяси жағдайға белсене араласып, жауымен бетпе-бет келгендей өжет болғаны қайран қалдырады. 

Спандияр Көбеев, «Қалың мал»

 



Романның бас кейіпкері Ғайшаны әкесі 60 жастағы бай Тұрлығұлға күйеуге бермек болады. Бұған қыз қарсы шығады. Әкесінің қатал мінезі мен Тұрлығұлдың күшінен қорықса да, Ғайша бақыты үшін аяғына дейін күреспек. 

Мағжан Жұмабаев, «Шолпанның күнәсі»

 

 


Шолпан сүйгеніне қосылғанда бала көтермеймін деп бел буады. Балалы болсақ, жұбайы екеуі арасындағы сүйіспеншілік сөнеді дейді. Бірақ уақыт өте келе бала қалайды, дегенмен көтере алмайды. Сонда көршісімен көңіл жарастырып, балалы болады. 

Әңгімеде бәріне әйелді кінәлау (виктимблеймиң), оның неліктен бұл қадамға барғаны ешкімді алаңдатпағаны бейнеленеді. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу»

 



Жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жарыққа шыққан шығарма. Бойжеткен Қамарға кәрі болыс Нұрым үйленбек болады. Оған тимеймін деген Қамардың өмірі қандай болмақ?

Романда қоғамдағы әлеуметтік күштердің әйелге күш қолдануы, тек қара басын ойлап, әйел тағдыры мен құқығын ескермеуі айқын сипатталады. 

Ғабит Мүсірепов, «Ананың анасы»

 



Әңгіменің негізгі мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған.

Өзін күңдікке, қызын әйелдікке алмақ болған батырға шешендігімен қарсы келген ана хикаясы.


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

07/06/2021 13:49
10580 0

Уведомление