Вице-премьер Скляр: Екібастұзда ғаламдық апат болған жоқ

Қарашада Екібастұзда жылу электр орталығы істен шығып, 150 мың халқы бар қала жылусыз қалған


14/12/2022
12:56 22968 0

Фото: Капитал.кз

 

Вице-премьер Роман Скляр «Екібастұзда ғаламдық апат болған жоқ» деп есептейді. Оның сөзінше, әлеуметтік желі мен БАҚ-та тараған ақпараттардың кейбірі шындыққа жанаспайды. 

 

– Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 15 жылыну бөлімі ашылды. Радиаторларды ауыстыру жұмыстары жүргізілген кезде көптеген адамдар үйлерін күзетіп, сонда болды. Бірақ бүкіл қала қатып қалатындай ғаламдық апат болған жоқ. Бұл жерде «Мұз құрсауындағы Екібастұз» деген сөз тіркесін үш ауданға қаратып айтуға болады. Иә, бұл өте көп – 5100 пәтер, 13 мың тұрғын...,  деді Скляр. 

 

Бұдан бөлек, Скляр журналистердің «жөндеу жұмыстары кезінде сіз қайда болдыңыз?» деген сұрағына: «Мен өз міндетімді қалай атқарғым келді, солай атқардым» деп жауап берді. 

 

Естеріңізге салайық, 27 қарашаға қараған түні жылу электр орталығы істен шығып, 150 мың халқы бар Екібастұз қаласы жылусыз қалған.

Поделиться

Нет комментариев.

14/12/2022 12:56
22968 0

Уведомление