Украинада Кахова су электр станциясы жарылды

Тараптар бірін-бірі айыптауда


06/06/2023
12:45 17433 0

Фото: Ашық дереккөздан

 

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, Кахова СЭС Ресей әскері атқылаған. Салдарынан дамбы жарылып, жақын маңдағы елді мекендерді су басқан. Херсон облысының басшысы Александр Прокудин су бес сағаттан соң қауіпті деңгейге жететінін хабарлады. Украина су басқан аймақтың халқын эвакуациялауда. 

 

Кахова СЭС Днепр өзенінің жоғары жағында Херсон облысындағы Жаңа Кахова елді мекенінен 5 шақырым жерде орналасқан. Бастапқыда Ресей басқыншылары тағайындаған Жаңа Кахова мэрі Владимир Леонтев СЭС жарылғанын жоққа шығарған. Бірақ кейінірек дамбаның жарылғанын растады. 

 

Болған жарылысқа тараптар бірін-бірі айыптауда. Ресей тарапы Кахова СЭС Украина әскері атқылап, салдарынан дамба жарылды десе, Украина тарапы жарылысқа Ресей басқыншыларын кінәлауда. 

 

Жарылысқа байланысты Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын өткізеді. Бұл жөнінде кеңес хатшысы Алексей Данилов хабарлады. 

 

Маусымның 5-інен 6-ына қараған түні Ресей Украинаны 35 қанатты зымыранмен атқылаған. Украина әуе қорғанысы оның барлығын әуеде атып түсірген.  

Поделиться

Нет комментариев.

06/06/2023 12:45
17433 0

Уведомление