Популярные тэги

Украина АҚШ-қа 90 млрд доллар ғана берешек екенін мәлімдеді

Украина АҚШ-қа 500 миллиард доллар көмекті табиғи ресурстармен қайтарудан бас тартып, бес есе аз сома ұсынды.


23/02/2025
16:22 29 0

Cурет DW

 


 

Bloomberg дереккөзіне сүйенсек, Украина Вашингтонға әскери көмек үшін өтелуі тиіс сома шамамен 90 миллиард доллар деп мәлімдеген. Киев АҚШ-тың болашақтағы әскери және қаржылай қолдауына кепілдік болмағандықтан, Вашингтонның шарттарымен келіспей отыр. Украина келесі аптада кездесу ұйымдастырып, даулы мәселелерді шешуді ұсынды.

500 миллиард долларлық қор АҚШ тарапынан жұмсалған шығындарды өтеу келісімінің бір бөлігі болуы керек еді. АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессент Financial Times басылымына жазған мақаласында, Украинадан минералдарды сатудан, сондай-ақ инфрақұрылым мен басқа да активтерден түскен қаражатты арнайы қорға аудару талап етілетінін айтты.

Бессенттің айтуынша, АҚШ Украинадағы физикалық активтерге иелік етпейді, елді үлкен қарызға батырмайды және басқа да экономикалық қысым жасамайды, "басқа жаһандық ойыншылар сияқты" тәсіл қолданбайды.

Поделиться

Нет комментариев.

23/02/2025 16:22
29 0

Уведомление