«Әуежайды басып алу ісі»: Қоғам наразылығынан кейін әлеуметтік желіде сот шешімін жақтаған жазбалар көбейді

Жақтаушылар арасында ауылдық округ әкімдіктері де бар


12/07/2023
17:14 16979 0

 

11 шілдеде Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алды» деп айыпталған бес адамға үкім оқылды. Судья Мартпек Кәкімжанов олардың барлығын кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісов пен өзге үш күдікті Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрменовті 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылардың ешқайсысы шығарылған үкіммен келіспеді, тергеу кезінде қысым болғанын, істің әділетсіз қаралғанын айтты. 

 

Сот шешімі әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланды. Желі қолданушыларының басым көпшілігі айыпталушыларды босату керек десе, енді бір бөлігі сот шешімі дұрыс деген пікір айтты. Бірақ бір қызығы, соттың шешімін жақтағандар қатарында жекелеген адамдардан бөлек, ауылдық округ әкімдіктері де бар. 

 

Қазақстанда қоғам назарын аударатын, резонансты оқиғалар болған кезде әлеуметтік желіде биліктің позициясын қолдайтын жазбалардың көбеюі дәстүрге айналған. Мысалы, осыдан бірнеше ай бұрын Астанаға жаңаөзендік мұнайшылар тұрақты жұмыс талап етіп барған кезде де желіде елге танымал журналистер биліктің позициясын қолдап, мұнайшыларды қаралап пост жазған. Ол кезде тіпті бір посттың құны 100-200 мың теңге болғаны жөнінде де ақпарат тараған. 

 

Жалпы, Қазақстанда әлеуметтік желіде, түрлі форум, чаттарда билікті жақтап, жағымды пост жазатын мемлекеттен қаржыландырылатын арнайы адамдар тобы бар екені жөнінде қоғамда, сарапшылар арасында жиі айтылады. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында оларды «нұрбот» деп атайтын. Осыған байланысты бүгін біз «әуежайды басып алу ісіне» қатысты соттың шешімін жақтап жазылған посттардың бір сыпырасына қысқаша тоқталуды жөн көрдік. 

 

Жазбалардың толық нұсқасы инстаграм парақшамыздағы постта жарияланған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/07/2023 17:14
16979 0

Уведомление