«Әуежайды басып алу ісі». Адвокаттар апелляциялық соттың онлайн өтуіне қарсы

«Бұның барлығы саяси тапсырыспен жүріп жатқан сот»


12/09/2023
18:15 13313 0

 

 

Қанды Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталып, 5 жылдан 8 жылға дейін сотталған бес адамның апелляциялық соты онлайн өтпек. Бұған олардың адвокаттары келіспейді. Олар саяси іс ашық, қалыпты жағдайда өтуі тиіс дейді.

 

19 қыркүйекте Адам құқықтарын қорғау бюросында сотталушылардың адвокаттары Айнара Айдарханова, Шынқуат Байжанов және құқық қорғаушы Зәуреш Батталова баспасөз мәслихатын өткізді. 

 

Сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ермұхамет Шилібаев пен Нұрлан Дәлібаевтың адвокаты Шынқуат Байжанов қорғау тарапы бірінші сатыдағы соттың үкімімен толықтай келіспейтінін мәлімдеді. 

 

– Айгерім Тілеужанова, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменов соттады. Біз шығарылған үкімді заңсыз деп есептейміз. Себебі бұл азаматтардың іс-әрекеттерінде қылыс құрамы жоқ. Олардың ешнәрсе өртемегені, қиратпағаны бейнекамераға түскен. Біз апелляциялық шағым түсірдік. Ол 19 қыркүйекке, онлайн режимде өткізуге белгіленді. Бірақ біз оған түбегейлі қарсымыз. Бұндай саяси соттар онлайн өтпеуі тиіс. Біз офлайн өткізсін деп талап түсірдік. Өкінішке орай оған әлі жауап берген жоқ,  деді Байжанов. 

 

Оның сөзінше, қорғауындағы азаматтарға тергеушілер «әуежайды басып алуды ұйымдастырды» деп айыпталған Айгерім Тілейжановаға қарсы куәлік беруді ұсынған. Олар одан бас тартқаны үшін ғана сотталған.

 

Қорғаушысы Айнара Айдарханованың айтуынша, Айгерім Тілеужанованы осы уақытқа дейін іспен таныстырмаған. Ол заң бойынша іспен танысуға құқылы. 

 

– Қылмыстық-процестік кодекс бойынша, сотталушылар процеске қатысу бойынша өтінішті өздері жазады. Олар оны тамыз айында жазып қойған. Бірақ өкінішке орай, Тілеужанованы әлі күнге дейін іспен таныстырған жоқ. Біз тергеу изоляторы мен қалалық сотқа шағым түсірдік. Іспен танысу оның құқығы. Біз және сотталушылар апелляциялық сотты онлайн өткізуге қарсы арыз-шағым түсірдік, – деді Айдарханова. 

 

Айнара Айдарханова бірінші сатыдағы сотта Айгерім Тілеужанова мен Қалас Нұрпейісовтің әуежайды басып алуды ұйымдастырғанын дәлелдейтін бірде-бір дәйек көрсетілмеген. Сол себепті де сот үкімі заңсыз. 

 

Адвокат апелляциялық шағымды қорғау тарапымен қатар прокуратура да жазған. Олар онда әуежайға келтірілген миллиардаған шығынды сотталушылардан өндіруді сұраған. 

 

Құқық қорғаушы Зәуреш Батталованың пікірінше, Айгерім Тілеужанова мен Қалас Нұрпейсіов ешқандай да ұйымдастырушы емес. Бұл іс саяси тапсырыс бойынша жүріп жатыр. 

 

– Егер жап-жас қыз шын мәнінде ұйымдастырушы болса, онда осындай ұйымдастырушыны жіберіп алған біздің құқық қорғау органдары қызметкерлерін толықтай отставкаға жіберу керек. Қандай да бір дүниені ұйымдастыру үшін уақыт пен үлкен күш керек. Айгерім Тілеужанова қамаудан шыға салып, оны ұйымдастыруы мүмкін емес. Әуежайға адамдардың екінші, үшінші толқыны келгенде Айгерім және сотталған өзге адамдар ол жерде болмаған. Не себепті билік осы екінші, үшінші толқын келген адамдардың іс-әрекетін ашық тергемейді. Бұған бір ғана жауап бар. Менің ойымша, бұл елге 20 мың террорист келді дегенді ақтау. Барлығын Айгерімнің мойнына артпақ. Бұның барлығы саяси тапсырыспен жүріп жатқан сот, – деді Батталова. 

 

Зәуреш Батталова апелляциялық сотта бірінші сатылы соттың үкімін өзгертеді дегенге сенбейді. Ол өзгеріс болса Жоғары сотта болуы мүмкін дейді. 

 

11 шілдеде бірінші сатылы сот Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жан-Айдар Кәрменовті 8 жылға бас бостандығынан айырған. Олардың барлығы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Айгерім Тілеужан істің саяси астары барын айтып, оны саяси тапсырыс деп бағалаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/09/2023 18:15
13313 0

Уведомление