Тәжікстанның қазіргі президенті сайлауда бесінші рет жеңіске жетті

Қалған кандидаттарға сайлаушылар 8%-дан аз дауыс берген


12/10/2020
13:40 47248 0

Фото: ria.ru

 

Тәжікстандағы сайлауда Эмомали Рахмон жеңіске жетті. Бұл туралы РИА Новости елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиер Худоерзодаға сілтеме жасап хабарлады

 

— Алдын ала мәлімет бойынша президентті сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмон жеңді, оған сайлаушылардың 90,92%-ы немесе сайлауға қатысу көрсеткіші 85,39 % болғанда 3,837 миллион адам немесе 4,221 миллион сайлаушы дауыс берген, — деді Худоерзода. 

 

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде заң бұзылмағанын хабарлады. 

 

Бұған дейін сайлауға 68-дегі Рахмонмен бірге парламенттің төрт депутаты қатысып жатқанын айтқан едік. Олар: Аграрий партиясының өкілі Рустам Латифзода, Экономика реформалары партиясының өкілі Рустам Рахматзода, Социалистік партияның мүшесі Абдухалим Гаффорзода және Коммунистік партияның мүшесі Миродж Абдуллоев. Сайлауда олардың әрқайсының жинаған дауысы 8 %-ға жетпеген. 

 

Рахмон — 1994 жылдан бері Тәжікстан президенті. Ол сайлауда осымен бесінші рет жеңіске жетіп отыр.

Поделиться

Нет комментариев.

12/10/2020 13:40
47248 0

Уведомление