Тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Алматы полициясы шұғыл желі нөмірін жариялады

Фото: kt.kz
Алматы полициясы тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар туралы ақпаратты қайдан алуға болатынын айтты.
Ол үшін Алматының қылмыстық атқару жүйесі басқармасының колл орталығына қоңырау шалу қажет. Нөмірі: +7 (727) 290–19–01.
— Осы нөмір арқылы тергеу изоляторында отырғандар туралы ақпар алуға болады. Адвокаттар да қоңырау шала алады, — дейді Алматының полиция басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Нет комментариев.