Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны қатайтуды сұраған петицияға қол қойғандар 65 мыңнан асты


15/11/2023
15:47 12047 0

 

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны қатайтуды сұраған петицияға қол қойғандар 65 мыңнанасты. Екі күн бұрын ғана бұл көрсеткіш 40 мың болған. Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел құқығы қоғамда қызу талқыланған. 

 

– Қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет пен парламентке тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазаны қатайту мәселесіне қайта оралуды, атап айтқанда Қылмыстық кодекстегі 108 және 109-баптарды («ұрып-соғу» және «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») қалпына келтіруді, тұрмыста болатын өзге де заңсыздықтарға әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді тапсыруыңызды өтінеміз, – деп жазылған петицияда.

 

11 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі «Салтанат Нүкенованы өлтірді» деген күдікпен сот шешімімен екі айға қамауға алынған. 15 қарашада президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігіне «бұл істі ерекше бақылауда ұстауға» тапсырма бергені жөнінде ақпарат тараған. 

 

2017 жылғы шілдеде «Ұрып-соғу» және «Денсаулығына қасақана жеңіл зақым келтіру» баптары Қылмыстық кодекстен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылған.

 

БҰҰ мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шамамен 400 әйел қаза болады. Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанда тұрмыстық әлімжеттік азаймай отырғанын айтқан.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/11/2023 15:47
12047 0

Уведомление