Түркияда президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін

Ердоған да, Қылышдароғлы да екінші турға дайын екенін мәлімдеді


15/05/2023
14:08 17837 0

 

1мамырда Түркияда президент сайлауы өтті. Осы уақытқа дейін саналған 99,1% бюллетеньнің қорытындысы бойынша, Режеп Тайып Ердоған 49,35%, Кемал Қылышдароғлы 45%, Синан Оған 5,21% дауыс жинаған. 

 

Заң бойынша, егер сайлауда бірде-бір кандидат 50% асырып дауыс жинай алмаса екінші тур болады. Екінші тур 28 мамырға белгіленген. Сайлаудың толық қорытындысы 19 мамырда жарияланады. 

 

Режеп Тайып Ердоған «Біз сайлау бірінші турда аяқтала ма, жоқ па білмейміз. Егер халық бізді екінші турға жіберсе, біз оның шешімін сыйлаймыз» деп мәлімдеді. 

 

Кемал Қылышдароғлы да екінші турға дайын екенін, халықтың таңдауын құрметтейтінін айтты. Екі саясаткер де сайлауда өздерінің жеңіске жететініне сенімді екендерін жеткізді. 

 

Мемлекеттік «Анадолы» ақпарат агенттігі бюллетеньдердің 80 пайызы саналып, Ердоған бірінші турда 50,43 пайыз, Қылышдароғлы 43,77 пайыз дауыс алды деп хабарлады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін жергілікті медиа Ердоған озып тұрғанын үсті-үстіне көрсеткен.

Алайда Қылышдароғлы Ердоған емес, өзі озып тұрғанын мәлімдеген. Оппозиция «Анадолы» жариялаған мәліметті қатаң сынап, оған сенбеуге үндеген.

Оппозиция есебінше, халықтың сайлауға қатысуы рекордтық көрсеткіш – 93,6% болған. 

Сайлау басталмай сарапшылар мен саясаттанушылар президент сайлауында екінші тур болады деп болжаған. 

 

Екінші турда Режеп Тайып Ердоған жеңіске жететін болса, онда Түркияның саяси бағыты осы қалпында қалады. Ал Кемал Қылышдароғлы жеңсе, ресми Анкара Батысқа бет бұрады. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/05/2023 14:08
17837 0

Уведомление