Түрікменстан билігі азаматтарына VPN қолданбасын деп Құранмен ант бергізіп жатыр

Онда адамдар үйге интернет қондыру үшін кезекке тұрады, VPN-ді қолданғандар жауапқа тартылады


11/08/2021
11:41 40901 0

Фото: vpnoverview.com

 

Түрікмен ұлттық қауіпсіздігі қызметі интернеті бар азаматтарын VPN-нен бас тартқызып, Құранмен ант беруге мәжбүрлеп жатыр. Мұны «Азаттық радиосының» түрікмен қызметі хабарлайды.

 

— Былтыр үйіме интернет қондырам деп кезекке тұрғанмын. Кезегім бір жарым жылдан кейін келді. Оның алдында Wi-Fi қосу үшін көптеген құжатқа қол қойдым. Ал енді VPN қолданбаймын деп Құранмен ант беруге мәжбүрмін. Онсыз сайттар ашылмайды ғой. Тіпті не істерімді білмеймін, — деген жергілікті тұрғын редакцияға. 

 

Түрікменстан билігі VPN қолданатын азаматтарын қудалап отырады: айыппұл салады, жауап алуға шақырады. Десе де, елде бұл қосымшаға жүгінетін адамдар көбейіп жатыр. «Азатлық» оны билікте отырғандар да қолданады дейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/08/2021 11:41
40901 0

Уведомление