Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктен қанша бейбіт азамат қаза тапқанын анықтауды тапсырды

Президент күш құрылымдарының жетекшілерімен жиын өткізді


15/01/2022
13:51 36202 0

Фото: rt.com

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдары жетекшілерімен бірге жиын өткізді. Мемлекет басшысы оларға жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша бейбіт тұрғын қаза тапқанын анықтауды тапсырды. 

 

Одан бөлек, Тоқаев күш құрылымдарының дағдарыс жағдайдағы іс-әрекетін үйлестіріп отыруға мүмкіндік беретін заңнама жасауды тапсырды. Терроризмге қарсы операция мен тергеу кезінде адам құқығын бұзуға жол бермеген маңызды дейді президент.

 

Еске сала кетейік, әзірше ешбір мемлекеттік орган Қаңтар оқиғасы кезінде қанша әскери емес азамат қаза тапқанын айтпады. Құқық қорғаушылар мен белсенділер бірнеше рет президенттен толық статистиканы жария етуді талап етті. masa.media редакциясы да денсаулық сақтау министрлігіне осындай сауал жолдады, енді жауабын күтіп отыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/01/2022 13:51
36202 0

Уведомление