Тоқаев президент әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы жарлыққа қол қойды
Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымы алынып тасталды

Құжатқа сәйкес президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына кіреді:
▪️Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️Президенттің көмекшілері;
▪️Президенттің кеңесшілері;
▪️Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Ақорданың хабарлауынша, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары алынып тасталған.
Бұған дейін президент әкімшілігі басшысының алты орынбасары болған. Атап айтқанда:
Тимур Сүлейменов – Экономикалық мәселелер бойынша бірінші орынбасар;
Ержан Жиенбаев – Заң және құқық бойынша орынбасар;
Ержан Қазыхан – Халықаралық қатынастар бойынша орынбасар;
Аида Балаева – Ішкі саясат бойынша орынбасар;
Ернар Баспаев – Бақылау және ұйымбастыру бөлімі бойынша орынбасары болған.

Нет комментариев.