Тоқаев қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады
Бұрын Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Ермекбаев отставкаға кететінін айтқан еді
31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кетуіне рұқсат берді. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
27 тамызда Ермекбаев журналистердің Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты сұрағына жауап бергенде отставкаға кетуге дайын екенін айтқан еді.
Қазақстанда министр отставкаға кету үшін президентке өтініш жолдап, рұқсат алуға тиіс.
26 тамызда Жамбыл облысында әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасы жарылып, 15 адам қаза тапты. Сол маңдағы ауылдардың тұрғындары Тараздағы мектептерге көшірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз ұлт болып аза тұту күні деп жариялады.
Нұрлан Ермекбаев 2019 жылы да қорғаныс министрі болды. Сол жылы Арыста оқ-дәрі қоймасы жарылып, үш адам көз жұмды, үйлер өртке оранды.
Нет комментариев.