Тоқаев мәжілісті тарату жөнінде кеңес өткізді

Талқыланған ұсыныстарға қарай шешім қабылданады


19/01/2023
13:31 21938 0

Фото: Ақорда

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен мәслихатты тарату жөнінде кеңес өткізді. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратта жиынға кеңеске мәжіліс пен сенат спикерлері мен премьер-министр қатысқаны жөнінде айтылған. Талқыланған ұсыныстарға қарай шешім қабылданады және алдағы уақытта ол туралы жарияланады. 

 

Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратта президент Тоқаев мәжіліс және сенат сайлауына байланысты сөз сөйлеген. Онда ол алдағы уақытта парламент сайлауын өткізу қажеттігін айтқан. 

 

– Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Жуырда Сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек, – деген Тоқаев жиында. 

 

Өткен аптада ҚазТАГ басылымы парламенттегі дереккөзіне сілтеме жасап «мәжіліс 16 қаңтарда таратылады» деген. 

Поделиться

Нет комментариев.

19/01/2023 13:31
21938 0

Уведомление