Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді. Ата заң бір жылда екінші рет өзгеруі мүмкін

Маусымда Ата Заңға өзгертулер мен түзетулер енгізуге байланысты референдум өткен


13/09/2022
10:33 28668 0

1қыркүйекте Конституциялық Кеңес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан өтініш түскенін хабарлады.

 

 – Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, – делінген мәлімдемеде. 

 

Конституциялық кеңес президенттің өтінішін қарап, шешімін БАҚ-та жарияламақ.

 

Қыркүйектің 1-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында күзде кезектен тыс президент өткізуді, президенттікті жеті жылға бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ президент бұл ұсынысты парламентке күздегі сайлаудан кейін білдіретінін айтқан. Келесі күні мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы "құқықтық коллизияның алдын алу үшін" күздегі сайлауда президентті бірден жеті жылға сайлауды ұсынды. Сарапшылар Тоқаев осы арқылы өз билігін күшейтіп алуды көздейді дейді.

 

Егер депутаттардың бастамасы қабылданса, Конституция бір жылдың ішінде екінші рет өзгермек. Маусымда Ата Заңға өзгертулер мен түзетулер енгізуге байланысты референдум өткен. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/09/2022 10:33
28668 0

Уведомление