Тіркелмеген ДПК партиясы кезектен тыс президент сайлауына қарсы

Демократиялық партия кезектен тыс президент сайлауына байланысты мәлімдеме жасады


05/09/2022
15:08 28364 0

Тіркелмеген оппозициялық «Демократиялық» партия кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қарсы шықты. 

 

Партия құру жөніндегі бастамашыл топ өкілдері сайлау нақты саяси реформалар жүзеге асқаннан кейін бірақ өтуі тиіс деп есептейді. 

 

– Демократиялық партия антиконституциялық мерзімінен бұрын өтетін президент салауына қарсы. Сайлау тек күрделі саяси реформалардан кейін, сайлауға қатысты демократиялық принциптерге қайшы заңдар өзгергеннен кейін өтуі тиіс. Саяси тұтқындар мен қаңтар тұтқындары бостандыққа шығуы керек. Осы шарттар орындалмай, Демпартия лидері Жанболат Мамай түрмеде отырған кезде өткен сайлауға қарсымыз, сондықтан, оған қарсы тек наразылыққа шығамыз және халықты бейбіт наразылыққа шақырамыз, – делінген мәлімдемеде. 

 

«Демократиялық» партия жетекшісі Жанболат Мамай жарты жылдан бері түрмеде отыр. Жақтастары оған тағылған айыптың саяси астары бар деп есептейді. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Жанболат Мамайды «саяси тұтқын» деп таныған. Жақында Қазақстанға іс-сапармен келген Еуропарламент депутаттары Қазақстан билігінен саясаткерді босатуға шақырған. 

Поделиться

Нет комментариев.

05/09/2022 15:08
28364 0

Уведомление