Тина Канделакиге тиесілі косметика бренді Қазақстандағы интернет-магазинінен жоғалып кетті


15/02/2024
11:55 8583 0

Фото: Global Look Press

 

Ресейлік «Золотое яблоко» сауда желісінің қазақстандық онлайн-каталогынан Тина Канделакиге тиесілі «Ansaligy» косметика брендінің өнімдері жоғалып кетті. Сайттан «Ansaligy» маркасы көрінбейтін болып қалған. 

 

Бұған дейін қазақстандықтар Тина Канделакиге тиесілі компания өнімін сайттан алып тастауды талап етіп, оны сатып алмауға үндеген. 

 

Қаңтарда Тина Канделаки Қазақстандағы темір жол станцияларының атын ауыстыруға байланысты пікір білдіріп, «орыс тілі шеттетіліп жатқаны» жөнінде мәлімдеген. Кейіннен өзіне қарысы пікір айтқандарға «мәңгүрт» деп тіл тигізген. 

 

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Тина Канделакидің «елге кіргізілмейтінін» мәлімдеген. Ол халықты ресейлік пропагандистердің сөзіне назар аудармауға шақырған. 

 

«Ansaligy» маркасы бұған дейін де онлайн-каталогтардан жоғалып кетіп, кейін қайтып оралған.

Поделиться

Нет комментариев.

15/02/2024 11:55
8583 0

Уведомление