Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды

«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді»


22/01/2024
13:22 9489 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстан сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделаки төңірегіндегі дауға байланысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, ол енді Қазақстан аумағына кіре алмайды. 

 

– Мемлекет ондайды кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кіре алмайды, – деп жауап берді Смадияров БАҚ өкілдерінің «Тина Канделаки елге келсе кіре ала ма?» деген сұрағына. 

 

Бұған дейін ресейлік журналист Қазақстанда орыс тілінің ауқымы тарылып, қысым көріп жатқанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бұл ғаламтордың қазақ сегментінің наразылығын туғызып, қызу талқыланған. 

 

Бұл ресейлік журналистер мен саясаткерлердің  Қазақстанға қарата арандату сарында айтылған алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Генадий Зюганов, Евгений Федоровтар Қазақстанның территориялық тұтастығына нұқсан келтіретін мәлімдемелер жасаған. Олар «Ресей Қазақстанға жерді сыйға берген» деп бірнеше мәрте айтқан. Ол да қазақ қоғамында үлкен сынға ұшырап, қызу талқыланған. 

Поделиться

Нет комментариев.

22/01/2024 13:22
9489 0

Уведомление