Үтікпен азаптау ісі: бір полицей қамауға алынды


20/10/2022
20:35 26294 0

20 қазан күні Жетісу облыстық соты Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда адамдарды үтік басып азаптады деп айыпталған полицей Айдын Кенжебаев қамауға алынды. Бұл жөнінде адвокат Әсем Түсіпова мәлімдеді. 

 

Сот Айдын Кенжебаевты қамауға алу шешімін шығарды. Оны сот залынан қамауға алды. Бұдан өзге төрт полиция қызметкері Тоқташ, Нұртаза, Боқанов, Жұмашов кепілмен үйқамаққа алынды, – деді Түсіпова. 

 

Күдіктілерді қамауға алуды сұрап облыстық сотқа Әсем Түсіпова шағымданған. Бұған дейін күдіктілердің барлығы кепілдікпен бостандықта жүрген. 

 

Талдықорған қалалық сотында қаралып жатқан азаптау ісінде жәбірленушілер күдіктілерді қамауға алуды талап етіп, бірнеше рет сотқа өтініш айтқан. Бірақ судья Бекмұрат Дүйсенбеков қанағаттандырмаған. 

 

Азаптау ісі бойынша бес полиция қызметкері күдікті, 23 адам жәбірленуші деп танылған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/10/2022 20:35
26294 0

Уведомление