Telegram-дағы адам құқығы, саясат пен заңдар туралы арналар

Қазақстанның саяси өмірінен хабардар ететін қазақша және орысша парақшалар


06/10/2021
13:19 9116 0

Веабка Шпык: права человека 

 

Адам құқығы жөніндегі маман Рустам Қыпшақбаевтың арнасы. Автор көбіне адам құқығы туралы ойын, жаңалықтар жазады, лекция-семинар хабарламаларын жариялайды. Анда-санда әзілдеп тұрамын дейді :) 

 

Тілі орысша. 

 

Roman.Law 

 

Рим құқығы емес :) Заңгер Роман Подопригора оқырмандарын Қазақстан заңнамасы мен сотынан хабардар етеді, ол туралы сыни ой-пікірін жазады. Тілі орысша. 

 

Егер қандай да бір заң жасалып жатса, онда қандай өзгеріс болып жатқанын білгіңіз келсе, осы арнаны оқыңыз. Бірақ (!) солай екен деп біздің парақшалардан шығып кетпеңіз. Біз де заңгерлерден қалыспаймыз :)

 

Хроники текущих событий 

 

Арнаның иесі — саясаттанушы Виктор Ковтуновский. Саясаттағы жаңалықтарға бұрынғы саясаткер, саясаттанушы ретіндегі көзқарасын айтып отырады.

 

Тілі орысша.  

 

Shalkar Nurseit Report

 

Бұл қазақша арна да саясат жайында. Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт көбіне Қазақстан саясатына шолу жасайды, журналистерге берген сұхбат пен пікірін бөлісіп отырады. Әзіл де жоқ емес: «Nurnews.kz хабарлайды» айдарында жиі әзіл-шын аралас постар жазады.  

 

Конституция кеңесі

 

Арнадан Қазақстан мен өзге елдердің Конституциясы туралы жаңалықтар оқи аласыз. Одан бөлек, автор біздің негізгі заңның кем тұстарын сынай отырып, өз Конституция жобасын жазып шығарған. 

 

Постар қазақша жазылған. 

 

КМБПЧ  

 

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның ресми парақшасы. Саяси тұтқындар, құқығы бұзылған жұмысшылар, құқық қорғаушылар мен белсенділердің мемлекетпен күресінен хабардар етіп отырады.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

06/10/2021 13:19
9116 0

Уведомление