Тағы бір петиция: Сарапшылар «Самұрық-Қазына» қоры халық ақшасына не алып жатқанын ашық айтып отыруға тиіс дейді


07/02/2022
16:28 36683 0

Мемлекеттің сатып алуы саласын зерттеп жүрген сарапшылар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан шығынын жариялап отыруды талап етіп, петиция ұйымдастырды

 

Құжат қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен «Самұрық-Қазына» компаниясының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевқа жіберілмек. 

 

— Қазақстанда мемлекеттің сатып алуы саласы барынша ашық болғанмен, кей сала, өкінішке қарай, халыққа есеп бермейді, шығыны жарияланбайды. Мысалы, квазимемлекеттік компаниялар («Самұрық-Қазына» квазимемлекеттік секторға жатады — ред.) не алып жатқаны туралы ақпарат шектеулі, — дейді петицияшылар. 

 

Құжатты дайындағандар ақпарат ашық болып қана қоймай, жүктеліп, оны машина оқи алатындай болуы керек дейді. 

 

— «Самұрық-Қазына» қоры акцияларының 100%-ы Қазақстан үкіметіне, яғни халыққа тиесілі, сондықтан елдің әрбір азаматы қор мен өзге квазимемлекеттік компаниялар халықтың ақшасын қайда жұмсап жатқанын біліп отыруға құқылы, — дейді петицияның маңызын түсіндірген ProTenge басылымы. 

 

Петицияның сілтемесі мына жерде.

 

Қазақстанда Қаңтар оқиғасынан кейін журналистер мен қоғам белсенділері бірнеше рет петицияға қол жинады. Бірі жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша бейбіт тұрғын қаза тапқанын жариялауды, өзгелері астана атауын Астана деп өзгертуді талап етті.

 

Бұрын біз Қазақстандағы мемлекеттің сатып алуы саласын қысқаша түсіндіріп берген едік.  Оқи отырыңыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/02/2022 16:28
36683 0

Уведомление