«Талибан»: Қазақстан дипломаттарымызды қабылдайды

«Талибанға» Қазақстанда тыйым салынған


17/04/2023
11:57 19362 0

Фото: Ашық дереккөзден

Жуық арада Қазақстан «Талибан» үкіметінің дипломаттарын қабылдайды. Бұл жөнінде «Талибан» үкіметінің жетекшісінің орынбасары Абдул Ғани Барадар. 

15 сәуірде «Талибан» дипломаттары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездескен.

– Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қазақстан бұрыннан бері Ауғанстанмен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты және осы қатынасты нығайту мақсатында жуық арада Қазақстан жаңа ауған дипломаттарын қабылдайды, – деп жазылған «Талибан» үкіметі жетекшісінің орынбасарының Twitter-дегі аккаунтында.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, 15 сәуір күнгі кездесу кезінде тәліптер мен Қазақстан жағы «саяси, экономикалық, сауда, көлік, темір жол және өзге бастамаларды» талқылаған.

TOLOnews агенттігінің жазуынша, кездесу кезінде Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі мен консулдығының жұмысын жандандыру мәселесі де сөз болған.

«Талибан» қозғалысы Қазақстанда сот шешімімен террористік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Ауғанстанда тәліптер 2021 жылдың 15 тамызында билікке келді. Алайда әлі күнге «Талибан» билігін ешқандай мемлекет ресми түрде мойындаған жоқ. Дегенмен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан дипломатиялық арналар арқылы Ауғанстанмен байланысты дамытуға тырысып келеді.

2021 жылы қазанда президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі арнайы уәкілі Ержан Қазыханов жетекшілік еткен қазақстандық делегация Кабулға барып, тәліптермен кездескен. Артынша Қазақстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жіберетіні белгілі болды.

Қазақстандық дипломаттардың әрекеті әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Атап айтқанда, кей сыншылар бес мың тонна ұнды Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберуді терроризмді қаржыландыру ретінде бағалаған.

Поделиться

Нет комментариев.

17/04/2023 11:57
19362 0

Уведомление