Талдықорғанда жеті қараңғы түнде Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынды
Мүсіннің өзі Қанды Қаңтарда қиратылған
Фото: КазТАГ
Талдықорғанда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде құлаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің тұғыры алынды. Демонтаж жұмыстарын түнде, жарық қоспай жасаған. Бұл жөнінде КазТАГ басылымы хабарлады.
Талдықорған қаласының орталық алаңында Назарбаев ескерткішінің тұғыры екі жылдан астам уақыт тұрды. Бұған дейін тұрындар оны алып тастауды талап етіп, бірнеше рет бастама көтерген. Олар Назарбаевтың орнына Абайдың мүсінін қоюды ұсынған. Себебі ескерткіш тұрған жер Абай көшесіне жақын орналасқан. Бірақ жергілікті билік оған реакция танытпаған.
Нет комментариев.