Светлана Тихановскаяның көшедегі «инаугурациясына» 100 мың адам қатысты

Беларусь халқының билікке қарсы шығып жатқанына 50 күн болды


28/09/2020
12:24 47129 0

Фото: tut.by

Минскіде «Светлана Тихановскаяның халық инаугурациясы» аталған акция өтті. Азаттық 100 мыңнан астам адам қала орталығына шығып, Александр Лукашенконың сайлаудағы жеңісіне қарсылық білдірді деп Азаттық радиосы хабарлады.

Наразы азаматтар сайлауда Тихановская жеңді деп есептейтінін айтты. Куәгерлердің айтуынша, демонстранттар колоннасы шамамен 2 шақырымға жетті. Нөпір бірнеше сағат бойы Минск көшелерімен жүріп өтті. Ел билігі қала орталығына әскерилер мен милицияны, бронетранспортерлар мен басқа да арнайы техника шығарды. Лукашенконың резиденциясын күш құрылымдары қоршап тұрды.

Алаңға шыққандардың бір тобын қара киімді адамдар ұстап әкетіп жатты. Дәл осындай акция елдің басқа қалаларында да болды. Бір күн ішінде барлығы 200-ден астам ұсталды. Арасында журналистер де бар. Мәскеуде сегіз белсенді белорус халқын қолдайтынын айтып, Беларусь елшілігі алдына келді.

Беларусьте Лукашенконың сайлаудағы жеңісіне осымен 50-күн қатарынан наразылық өтіп отыр. 9 тамыздағы сайлаудың нәтижесінде Лукашенко осымен алтыншы рет жеңімпаз деп жарияланған еді. Ереуілшілер сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Наразылық шарасы басталғалы бері күш құрылымдарының соққысынан төрт адам қайтыс болды, алты адам із-түссіз жоғалды, зардап шеккендердің жалпы саны нақтыланған жоқ.

Еуропа одағы елдері мен АҚШ Лукашенконың жаңа мерзімге сайлануын заңды деп танымады. 23 қыркүйекте Лукашенко ұлықтау рәсімін жасырын өткізді.

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2020 12:24
47129 0

Уведомление