Судья БАҚ өкілдеріне Боранбаевтың сотынан ақпарат таратуға тыйым салды

Журналистерді үкім шығатын кезде бірақ шақырмақ


23/01/2023
15:54 22200 0

Фото: Оrda.kz

 

Судья журналистерге Қайрат Боранбаевтың сотын аудио-видеоға түсіруге тыйым салды. 

 

– Сот БАҚ өкілдеріне сот залында аудио-видеоға түсіруге тыйым салуды үкім етті. Аталмыш шешім шағымдануға жатпайды, – деді судья Бапақова. 

 

Судья журналистерге сот аяқталғанға дейін сот залынан ақпарат таратуға тыйым салды. БАҚ өкілдері сот залынан тыс куәгерлер мен қатысушылардан қандай да бір пікір ала алмайды. Журналистерді үкім шығатын уақытта шақырады. 

 

Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Олигархтың өзі тағылған айыппен келіспейді. Ол компаниямен арадағы келісімде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп есептейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

23/01/2023 15:54
22200 0

Уведомление