Сот шешімімен Қайрат Сатыбалды екі айға қамалды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі екі айға қамалды


15/03/2022
10:27 35988 0

Фото: ашық дереккөзден

 

Қайрат Сатыбалды елордаға жеткізіліп, қамауға алынды. 

 

— Наурыздың 15-і күні астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын екі айға қамауға алуға үкім шығарды, —  делінген ауданарылық сот таратқан мәлімдемеде.

 

13 наурызда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының ұсталғаннын хабарлаған. Оған «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған. 

 

Әлеуметтік желіде Қайрат Сатыбалдының ұсталу сәтіндегі фотолары тарап, оның ұсталар алдында ұлымен бірге Түркияға ұшпақ болғаны жөнінде ақпарат тараған. 

Поделиться

Нет комментариев.

15/03/2022 10:27
35988 0

Уведомление