Сот саясаткер Жанболат Мамайды қамауда қалдырды

Сот тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісін қамауда қалдырды


13/04/2022
17:51 35176 0

Сот саясаткер Жанболат Мамайды қамауда қалдырды. Бұл жөнінде оның әйелі Инга Иманбай хабарлады. 

 

— Қалалық сот та Жанболат Мамай қорғаушыларының заңды талабын орындамай, Жанболат қамауда қалды,— деп жазды Инга Иманбай.

 

Бүгін Жанболат Мамайдың жақтастары Алматы қалалық сотының алдына жиналып, саясаткерді босатуды талап етті. Олар тағылған айыптың саяси астары бар деп есептейді. 

 

Жанболат Мамай 25 ақпаннан бері қамауда отыр. Бастапқыда ол Қанды қаңтар құрбандарын еске алу жиынына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған. Кейіннен «билік өкілін қорлау» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша күдікті ретінде тергеу изоляторына қамалған. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/04/2022 17:51
35176 0

Уведомление