Сот оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттады

«Істің саяси астары бар»


10/04/2023
15:33 19044 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

10 сәуірде өткен сот отырысында Жанболат Мамайға үкім оқылды. Судья Елена Кван оны кінәлі деп танып, 6 жылға шартты жазаға кесті және журналистикамен, қоғамдық-саяси ұйымдардың жұмысына араласуға, әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды. Ол жаза мерзімі аяқталғанға дейін пробациялық бақылауда болады. 

 

Жанболат Мамайдың өзі сот шешімімен келіспейтінін, істің саяси астары барын, алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретінін айтты. 

 

Тіркелмеген «Демократиялық партия» құру бастамашыл тобының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «жалған ақпарат тарату», «билік өкіліне тіл тигізу» баптары бойынша айып тағылған. 

 

6 сәуірде Мамай өзіне тағылған айыптармен келіспей, «сотта мен емес, елді 30 жыл тонағандар жауап беруі тиіс еді. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», сіздер заңды пайдаланып менің тілімді кесіп отырсыздар. Бұл менің соңғы сөзім емес» деген.

Поделиться

Нет комментариев.

10/04/2023 15:33
19044 0

Уведомление