Сот «демпартия» белсенділерін жауапқа тартты

Демократиялық партия белсенділері әкімшілік жауапқа тартылды


10/03/2022
15:52 36601 0

Фото: әлеуметтік желіден

 

Сот тіркелмеген демократиялық партия белсенділерін жауапқа тартты. 

 

Алматы әкімшілік соты «демпартия» белсенділері Абзал Достияров пен Нұрбол Бәйтерековті 13 ақпанда болған қаралы митингке қатысқаны үшін жазаға тартты. Нұрбол Бәйтерековке 50 айылық есептік көрсеткіш ( 153 мың теңге көлемінде) айыппұл салынды. Дәл осы баппен айыпталған Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды. Достияровтың соты 9 наурызда, Бәйтерековтің соты 10 наурызда болды. 

 

Бұған дейін қаралы митингке қатысқан бірнеше белсенді әкімшілік жазаға тартылған. Жанболат Мамай, Ырысбек Тоқтасын және Айгерім Тілеужан 15 тәулікке, Дәурен Достияров 5 тәулікке қамалған. Болат Әбілов пен Марат Тұрымбетовке айыппұл салынған.  

 

Поделиться

Нет комментариев.

10/03/2022 15:52
36601 0

Уведомление