Сот Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады

Фото: Казинформ
Шығыс Қазақстан облысының соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен інісі Қайрат Сатыбалдының «бас бостандығынан айыру» жазасын «шартты түрде мерзімінен бұрын босату» жазасына ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Судья Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартқан.
Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілігіп, 6 жылға сотталған.

Нет комментариев.