Шығыс Қазақстанда марафоншы Марат Жыланбаевты қолдаған белсендіге айыппұл салынды


13/12/2023
12:13 11035 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Жеті жылға сотталған марафоншы, белсенді, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты қолдаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 56 жастағы Серік Ыдырышевқа «тіркелмеген бірлестік қызметіне қатысу» бабы бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол әлеуметтік желіде видео жариялаған. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

 

Ыдырышев айыппұлмен келіспей, хаттамаға қол қоймаған. Ол алдағы уақытта қарсы шағым жазбақ. 

 

— Конституцияға сай, ой-пікірімді ашық жариялаймын. Заңсыз ештеңе істеген жоқпын. Айыппұл салу арқылы өзіме қысым көрсетіп отыр деп санаймын, — деді ол.

 

Белсенді қарашада әлеуметтік желідегі парақшасында Марат Жыланбаевтың соты жабық өткеніне наразы екенін, сот үкімімен келіспейтінін білдірген посттар қалдырған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаңтар оқиғасы кезінде «ескертусіз оқ ату» туралы бұйрығын сынаған. Өзі Жыланбаев жетекшілік ететін тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының мүшесі екенін айтады. 

Белсендінің сөзінше, сейсенбі күні полиция үйіне келіп, түсініктеме алған. Одан соң айыппұл салған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/12/2023 12:13
11035 0

Уведомление