«Сен маршқа баруың үшін осында тұрмын»: Алматыда фембелсенді пикетке шықты


06/02/2024
13:11 8934 0

Фото: Masa Media

 

6 ақпанда Алматыда «ҚазФем» қозғалысының белсендісі Вероника Фонова 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат беруді талап етіп, тағы да пикетке шықты. Ол 3 ақпанда да жалғыз адамдық пикет өткізген. Сол күні белгісіз ер адам оның плакатын тартып алмақ болған. 

 

Белсенді бүгінгі пикетке ұстап шыққан плакаттың бір жағында өзіне кедергі жасаған ер адамның суреті, ал екінші жағында «Сен маршқа баруың үшін осында тұрмын» деген жазу болды. 

 

Бұған дейін әйел құқығын қорғаумен айналысатын ұйым белсенділері Алматы әкімдігі 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермей отырғанын айтқан. Олардың сөзінше, жергілікті билік белсенділерге бейбіт жиынға бөлінген орындарда «мәдени шара өтеді», «шеру қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деген себептерді алға тартқан. 

 

Феминистер әкімдік шеруге рұқсат етпесе, жалғыз адамдық пикеттер өткізетінін мәлімдеген. Алғашқы пикетті 2 ақпанда белсенді Лия Берген өткізді.

Поделиться

Нет комментариев.

06/02/2024 13:11
8934 0

Уведомление